Бүгін — құрылысшылар күні. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандықтардың бірі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы тамыз айының екiншi жексенбiсiн «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жариялаған болатын. Кәсіби мерекелеріне орай Qazaqstan Media тілшісі 20 жылдан астам уақыт осы салада еңбек етіп жүрген Алтынсары Жалмахинмен тілдесті.

Алтынсары Жалмахин Жамбыл ауданының тумасы. Дәл осы ауданда мектеп табалдырығын аттаған. Орта білім алғаннан соң бірден еңбекке араласа бастайды. 2005 жылдан бері құрылыс саласында адал еңбек етіп келеді.

«Тоғызыншы сыныпты тәмәмдап жоғары оқу орнына түскен жоқпын. 24 жасымда бас қалаға барып құрылысқа жұмысқа кірдім. Ол жақта бірнеше жыл жұмыс істеп, қайта туған жерге оралдым. 2009 жылдан бері Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында тұрамын», — деді Алтынсары Жалмахин.

Алтынсары Жалмахин: Адал еңбектің наны тәтті

Көк аспанмен таласқан зәулім сарайлар салып, маңызды нысандардың кірпішін қалап, жол салып, халықтың тұрмысын жақсартуға өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандар саланың жыл сайын дамып келе жатқандығын айтуда. Алтынсары Жалмахин құрылысшы екенімді мақтан тұтамын дейді. Себебі, ол еңбегінің арқасында нан тауып отырған жұмысшылардың бірі. Қазір Алтынсары Жалмахин  Жамбыл ауданындағы  Qazqurylys Expert ЖШС бригадир болып жұмыс істейді.

«Бұл серіктестікте төрт жылдан бері еңбек етіп келемін. Ауданда, қалада бір нысанды жалға алып, соның құрылыс жұмысымен айналысамыз. Қол астымда үш адам бар. Басшылық та әрқашан жанымызда. Барлық жұмысымыздың сапалы болуын қадағалап отырады.  Өзімнің қолымнан осы құрылыс жұмыстары келгендіктен, әрі қарай да осы салада еңбек ете беремін. Себебі, адал еңбектің наны әрқашан тәтті болады», — дейді құрылысшы.

Алтынсары Жалмахин бүгінде төрт баланы тәрбиелеп отырған адал жар, үлгілі әке. Жұбайы қазіргі уақытта аудан орталығындағы  балабақшалардың бірінде мейірбике болып қызмет етеді. Балаларының үлкені биыл тоғызыншы сыныпқа барса, ең кішілері бір жарым жаста.

Алтынсары Жалмахин: Адал еңбектің наны тәтті

«Салаға 20 жылға жуық уақытымды арнағаныма еш өкінбеймін. Барлық әріптестерімді бүгінгі кәсіби мерекемізбен құттықтаймын! Құрылысшылар — болашақты қалаушы мамандық иесі. Еңбегіміз еленіп, жұмысымыз табысты бола берсін», — деп спикер өзінің ізгі тілегін білдірді.

Тағы оқыңыз:Петропавл әкімі қала жастарымен кездесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x