Алтынбек Аусағитов республикалық кубоктың иегері атанды

Қазақ күресінен өңір намысын қорғап жүрген палуан Алтынбек Аусағитов ҚР ересектер арасындағы Республикалық кубоктың иегері атанды. Жарыс Алматы қаласында өткен болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жарыс мамыр айының 11-13 аралығында өтті. Алматы қаласында ұйымдастырылған додада жерлесіміз Алтынбек Аусағитов чемпион атанды. Ол 100 келі салмақ дәрежесінде боз кілемде белдесіп, қарсыластарын тізе бүктірді.

Алтынбек Уәлиханов ауданының тумасы. 2022 жылы өз салмағында Азия кубогын жеңіп алды. Алдағы уақытта жерлесіміз «Қазақстан барысы» жарысында өңір намысын қорғамақ.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың 59 жастағы тұрғыны алаяқтарға 8 млн теңге аударған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x