Алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауады

Қазгидромет мамандарының болжауынша, 8-10 ақпан аралығында солтүстік аймақтарда қалың қар жауып, бұрқасын соғады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктер алдағы  үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Айтуларынша, алдағы күндері Қазақстан кезекті Атлантика циклоны әкелетін атмосфералық фронттардың әсерін сезеді. Күн бұлттанып, жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні — 23-28, кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді. Жаңбыр мен қар жауады. Батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде 10-шы ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы соңғы үш жылда 174 бала дүниеге келді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x