Келесі жылы 4 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кәсіпкерлер мен өзге де тұлғалар және олардың жұбайлары жеке табысы туралы деректерді 15 қыркүйекке дейін өткізуі тиіс.
Жалпыға ортақ декларацияны 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы ұсынып келді. Биыл квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары қосылды.
2025 жылы 6,5 млн адам, яғни зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар мен студенттер де декларация тапсыруға міндеттеледі. Табысын уақытылы көрсетпегендерге әуелі ескерту беріледі. Бір жыл ішінде талап ескерілмесе, 52 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да интернет арқылы шырша сатып алмақ болған ер адам ақшасынан айырылды