Интернет-алаяқтар СҚО тұрғынының атына 5 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген. Қос бірдей банкке қарыз болған зардап шегушілер полицейлер шағымдарын қарастырмай жатқанын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдық жұбайының атына бәзбіреулер үлкен сомада несие рәсімдегенін Instagram желісінде жазған. Енді қала тұрғыны қос бірдей банкке қарыз. Алғашқы қаржы ұйымынан — 1 833 565, екіншісінен 3 млн теңге кредит алынған. Ерлі-зайыптылар барлық деректі полицияға ұсынды. Оның ішінде алаяқтық жайлы хабар берген кісінің номері де бар. Алайда, тәртіп сақшылары өтінішті қабылдағылары келмеген көрінеді.

“Тәртіп сақшылары алынған қаржының Украина немесе Финляндияға аударылып кеткенін, іздегеннен пайда жоқ екенін айтты. Яғни, өтінішті қабылдағылары келмеді. Мұндай жауапты алғаш рет естіп тұрған жоқпыз. Әйтеуір дегенде анықтаушы шағымымызды алды. Келесі күні банктерге барып, қаражаттың қайда жіберілгенін анықтадық. Халық банкіндегілер ақшаның Алматыдағы банкоматтардың бірінен алынғанын айтты. Бөлімше жайлы ақпарат, банктің нөмірі мен мекенжайы, қандай сома берілгеніне дейін ақпарат бар. Полицейлерге Алматыдан сұрастыруды өтіндік. Өйткені, әрбанкоматта фото және видео фиксация бар. Ақшаның Қазақстанда екенін растайтын бар құжатты ұсындық. Алайда, тәртіп сақшылары істі жүргізуге құлықсыз. Енді не істерімізді білмейміз. Банктер неге онлайн несиені алып тастамайды”,деп жазды қала тұрғыны.

Тағы оқыңыз: «Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Ahmet Ali

Назар аударыңыз!
Сіз бір ғана оймен өз өміріңізді және отбасыңыздың өмірін өзгерте аласыз.
Мен отбасыммен жақсы өмір сүруіміз үшін қарыздарымды өтеу және жаңа кәсіп ашу үшін бүйрегімді саттым. Бүйрегіңізді немесе бауырыңызды сатуға дайын болсаңыз мына whatsApp нөміріне хабарласыңыз: +12136028454

1
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x