Облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды. Аймақ басшысы аудандағы егістік алқаптарын аралап, серіктестіктердің астық жинау науқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс әкімі алдымен Айыртау ауданындағы «Ясмина – Агро» ЖШС барды. Серіктестік 2004 жылы құрылған. Бүгіндері мұнда 50-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Егістік алқабының аумағы – 8551 гектарды құрайды. Биыл шаруашылық 8200 гектардан астам жерге егін еккен. Оның ішінде 6 954 га – ға дәнді және дәндібұршақ сепсе, қалған 1296 гектарға мал азығын еккен. Айта кетейік, серіктестік былтыр 1 гектардан 11,8 центнер өнім алған. Өңір жетекшісі Саумалкөл ауылындағы QAZ- QAR LTD серіктестігіне де барып, астық жинау науқанына дайындығын тексерді. Элеватор 1970 жылы салынған. Нысан 116 мың тонна өнімді сақтауға қауқарлы.
«Бізде астықты кептіретін бес арнайы орын бар. Тәулігіне 1200 тонна өнім кептіріледі. Астық жинау науқанына да дайындығымыз жақсы», — деді QAZ- QAR LTD серіктестігінің директоры Бағдат Әбілқадыров.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Баянтай» ЖШС-нің егін алқабына да барды. Жалпы, серіктестіктің егіс аумағы 11,5 мың га жуық. Биыл диқандар 6264 га жерге бидай еккен. Мамандардың айтуынша осы жылы егін бітік шыққан. Бірақ жаңбырдың көп жаууына байланысты әлі дұрыс пісіп үлгермей жатыр. Былтыр әр гектардан 15,3 центнер дәнді дақыл, 4 центнерден майлы дақыл алған. Биыл Айыртау ауданының диқандары одан да жақсы өнім аламыз деген ниетте. Сондай-ақ өңір басшысы Айыртау ауданындағы бірегей орын, Дала мәдениеті бастау алған- Ботай қонысына барды. Айта кетейік, биылғы «Ұлы Дала жорығы» дәл осы Ботайдан басталады. Ауданы 15 гектарды алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып тазартылып, 133 мыңдай жылқы сүйектері табылған.
«Бізде мұнда дәл қазір 3 үй бар. Алдағы уақытта тағы 3-еуін саламыз. Сосын үйлер бір-бірімен жер асты жолдары арқылы жалғанып тұрады. Яғни, 6 үй дөңгелек тәрізді болып тұрады. Біз бұны өзіміз ойлап, қиялдап шығарған жоқпыз. Осыдан 6 мың жыл бұрын ежелгі адамдардың үйі бұрын дәл осындай болған. Қазба жұмыстарының барлығын өзіміз жүргіземіз. Лиценциямыз бар», — деді «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры Қуаныш Шақшақов.
Тағы оқыңыз:V-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен қатысатын спортышлар анықталады