СҚО әкімінің өкімімен Мейрам Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін ол облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Мейрам Меңдібаев 1971 жылы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында туған.
Еңбек жолын 1991 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған. «Петропавловскоблагропроектстрой» 4 бiрлестiгiнiң Булаев жылжымалы мехколонасының шеберi, Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi кейін бас маманы болған.
Бұдан соң Солтүстiк Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетiнiң бас маманы, М. Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмiнiң бастығы болып еңбек еткен. Кейін Петропавл қалалық жер қатынастары бөлiмi бастығының орынбасары болды.
Ал 2012-2015 жылдар аралығында ҚР АШМ ЖРБК СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы болып тағайындалды
2015-2018 жылдары СҚО жер инспекциясы басқармасының басшысы болып еңбек етті.
2018 жылғы қарашадан 2021 жылғы шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы болды.
2021 жылғы 23 шiлдеден бастап осы тағайындауға дейін Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
Бұған дейін Айыртау ауданының әкімі болып Ерболат Бекшенов еңбек еткен. Ол ауданды үш жыл басқарған.
Тағы оқыңыз: «Алп Арслан, Берта Лада және Эмин Бартас»: СҚО-да есімдері ерекше балалар тұрады