Айыртау ауданында 39,8 млн теңге бюджет ақшасын ұрлаған бухгалтер сотталды. Мұғалімдердің ақшасын заңсыз аударған ол енді жеті жылын түрмеде өткізеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Айыртау ауданындағы қаржы былығы білім бөлімінде орын алды. Бюджет ақшасын аталмыш бөлімнің бухгалтері ұрлаған. Оны тексеріспен барған прокурорлар анықтады.

«Прокуратура органдары бюджет қаражатын жұмсау саласындағы заңдылықтың сақталуын тұрақты негізде қадағалауды жүзеге асырады. Айыртау ауданының білім бөлімінде жүргізілген тексеру барысында мекеме бухгалтері тарапынан бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактілері анықталды»,- деп хабарлады құзырлы орган.

Сотталған бухгалтер үш жыл бойы, яғни 2021жылдың қаңтарынан 2024 жылдың сәуіріне дейін мұғалімдер мен өзге де қызметеркелердің жалақысын өзі иемденген. Жалпы сомасы 39,8 млн теңге көлемінде ақша қаражатын заңсыз аударған. 

Аталған факті бойынша былтыр  11 маусымда Айыртау ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесеысырап ету)   бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ал, сот сегіз айдан кейін бухгалтерді  жеті жылға соттау туралы үкім шығарды. Сонымен қатар ол жеті жыл материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.Келген шығын өтелді.

Сонымен қатар, 2024 жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бөлім басшысы жол берілген бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 271 көпқабатты үйдің жылыту жүйелері жуылып, қысыммен тексерілген

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *