Бір шаңырақ астында тұрып, бір асты бөліп жеген. Айыртау ауданында екі құрбының отырысы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға желісіне тоқталсақ, Айыртау ауданында қос құрбы бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында жанжал шығып, 60 жастағы ауыл тұрғыны 51 жастағы құрбысына бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды.

Ал, күдікті болса оқиға орнынан тез арада қашып кеткен. Бірақ, ұзаққа кете алмапты. Оны құқық қорғау органдарының өкілдері Көкшетау қаласында ұстады.

«Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыртау ауданы Арықбалық ауылының 60 жастағы тұрғынын ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Көршілердің айтуынша, бұл әйелдер спирттік ішімдікті жиі ішкен. Ал күдікті бұған дейін де адам өлтіргені үшін істі болған екен. Енді сол баппен қайта темір торға тоғытылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО мұғалімдері Президент қолынан марапат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *