Айыртау ауданында үш отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік күніне орай Айыртау ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға үй берілді. Бұл жолы кезекте тұрған үш жанұя баспаналы болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа тұрғын үйге ие болғандардың бірі – Алтын Төлетаева. Бірнеше жыл баспана кезегін күткен көпбалалы ана үшін бұл күтпеген жаңалық болған.

«Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз. Үйіміз құт-берекеге толы болсын. Тұрғын үй кезегінде тұрған барша жандарға осындай қуаныш бұйырсын», — деді өз қуанышын жасыра алмаған Айыртау ауданының тұрғыны Алтын Төлетаева.

Қоныс той иелеріне баспана кілттерін аудан әкімі Мейрам Меңдібаев табыстады.

«Біз бүгін осындай қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыздың әл-ауқаты артып, өмір сүру сапасы жақсарып келеді.  Жаңа қоныстарыңыз сіздерге бақыт пен береке әкелсін. Үйлеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін. Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен, алдағы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, елімізге тыныштық тілеймін», — деді қоныс той иелерін құттықтаған аудан әкімі Мейрам Меңдібаев.

Айыртау ауданында үш отбасы баспаналы болды

Биыл Айыртау ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту үшін республикалық бюджеттен 112 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 6 млн 338 мың теңге бағытталды. Сөйтіп, тұрғын үй кезегінде тұрған сегіз отбасы баспаналы болған.

«Сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорынан тағы бес үйді сатып алуға облыстық бюджеттен 80 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Айта кетейік, бір үйдің құны – 16 млн 137 мың теңге. Бүгіндері 16 млн 137 мың теңгеге бір баспана сатып алынды. Алдағы уақытта 64 млн 548 мың теңгеге тағы төрт үйді сатып алу бойынша конкурс жарияланды», — деп хабарлады аудандық әкімдіктегілер.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық Сүлейман Гандалиев «Үздік ауыл дәрігері» атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *