«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден қаржы алып, жеңілдетілген несие беру мәселесін шешуге көмектеспек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Күдікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 100 мың мен 500 мың теңге аралығында пара алып келген.
«Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған. Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі тарақтан ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар 40 минуттың ішінде 250 келіден астам қоқыс жинады