АЭС құрылысы кімге және не үшін қажет?

Петропавлда АЭС құрылысына қатысты түсіндірме-ақпараттық жұмыс басталды. Қоғам белсенділері ұжымдарда кездесулер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде АЭС құрылысына қатысты жиын өтті. Оған білім ордасының қызметкерлері қатысты. Президенттің екінші қыркүйектегі халыққа жолдауын талқылау барысында, атом электр станциясының құрылысы жайы басты назарға алынды.
Петропавл қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Козлов жиналғандарға атом электр станциясының құрылысына қатысты өз пікірін білдірді. Айтуынша, одан келетін қауіп жоқ. Қазір әлемнің 30-дан астам мемлекетінде 500-ге жуық аталмыш станция сәтті жұмыс істеп тұр екен. Ең көп станция саны АҚШ-та орналасқан. Олардың саны -94. Франция мен Қытайда — 56, Ресейде-36 нысан. Алғашқы АЭС 1954 жылы іске қосылыпты. Содан бері станцияларда адам қателігінен бір, табиғи апат салдарынан екі төтенше оқиға тіркелген.

«Қазіргі заманғы АЭС табиғи және техногендік апаттарға төзімді болып салынады. Одан қоршаған ортаға келетін зиян да аз. Мысалы, жылу электр орталықтарында күл тонналап шығарсылса, АЭС-та қалдықтарды қайта өңдеп, реактор ішінде пайдалануға болады. Яғни, ауаны ластау азаяды. Оған қоса, болашақта электр тапшылығын азайтады. Себебі, қазіргі кезде үлкен ғылыми орталық, зертханаларды есептемегеннің өзінде, халықтың электр энергиясын пайдалануы артып келеді. Жылу электр станцияларында энергия көмір немесе газ есебінен өндіріледі. Мұндай энергия өндірісінің шикізат бағасы күн сайын өсіп келеді. Ал атом электр станциясы отын ретінде өте аз мөлшерде уранды пайдаланып, өте көп мөлшерде энергия өндіреді», — дейді Владимир Козлов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да вейп сатқан үш жігіт ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x