Жаңа Конституция жобасы әл-Фараби мектеп-лицейінде талқыланды. Қаузалған тақырып — білім саласы, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Әлі сиясы кеуіп үлгермеген, мөрі басылмаған құжаттың 33-ші бабы ой таразасына түсті. Ұстаздар өзгертілетін Конституцияны қолдайды, оң өзгерістерге алып келеді деп есептейді

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және орта білім мiндеттi.

2. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

5. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.

Жиын қатысушылары осылардың әрқайсысына тоқталды. Өздерінің пікірлерін білдірді. Қосымша ақпарат ретінде бейнематериалдар дайындалған. Ұстаздар қауымы соларды тамашалап, жобамен тереңірек танысты. Олардың пікірінше, өзгерістер әр оқушының мүмкіндігін кеңейтіп, оқу сапасын арттыруға жол ашады.

әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

«Референдумда бөлімдер мен баптарға бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылуда. Осындай маңызды мәселелерді бүкілхалықтық талқылауға ұсыну — ашықтық пен демократиялық ұстанымның айқын көрінісі деп санаймын. Ел болашағына қатысты шешімдердің халық пікіріне сүйене отырып қабылдануы — аса маңызды қадам. Біз референдумның өтуін бірауыздан қолдаймыз және ел дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз», — деді әл-Фараби мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Жамбыл Молдашев.

Бүгінгі таңда әл-Фараби мектеп-лицейінде 42 ұстаз еңбек етеді. 400-ге жуық оқушы білім алуда.

Тағы оқыңыз: Қасиетті Рамазан айында денсаулығыңызға көңіл бөліңіз!

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *