А.Смаилов: «Мемлекет ауа - райынан зардап шеккен фермерлерге көмектеседі»

Мемлекет ауа — райынан зардап шеккен фермерлерге көмектеседі. Бұл туралы экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шаралары қаралды. Нәтижесінде:

▪️ Форвардтық сатып алу аясында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3-ші класты бидай үшін 120 мың теңге және 4-ші класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу;
▪ Форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05% не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру арқылы орындауға мүмкіндік беру
▪Міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін банк сыйақыларын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру керек деген шешімге келді

Премьер-Министр А.Смаилов уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмысты тез арада бастауды тапсырды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x