Ақжар ауданындағы Хасеновтар жанұясы «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы атанды  

Петропавлда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өтіп, жеңімпаз әулет анықталды. Жалпы отбасылық сайыстың облыстық кезеңіне 28 үйелмен қатысқан. Бұл ұлттық байқау елімізде дәстүрлі түрде өткізіледі. Республикалық кезеңде СҚО намысын Ақжар ауданынан келген Хасеновтар отбасы қорғайтын болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде жыл сайын татулығымен және берекесімен көпшілікке үлгі болған жанұяларды дәріптеу мақсатында “Мерейлі отбасы” байқауы өтеді. Бүгін облыс орталығында осы сайыстың қорытындысы жарияланды.Бұл байқау жалпы 3 кезеңнен тұрады. Жалпы облыс бойынша бұл отбасылық сайысқа қатысуға 60-тан астам жанұя өтінім білдіріпті.

«Бүгінгі қатысушыларымыздың жартысы көпбалалы отбасылар. Кейбіреулерінің балалары тіпті спорт шеберлері, чемпиондар.Өздерінің татулығымен , берекесі мен бірлігі жарасқан жанұяларды таңдап облыстық кезеңге өткізген болатынбыз. Жеңімпаз отбасы республикада өңір намысын қорғайтын болады», — деді байқау ұйымдастырушысы Алма Банных.

Қазылар алқасының шешімімен Республикалық кезеңде өңір намысын Ақжар ауданынан келген Хасеновтар отбасы қорғайтын болды. Олар қазіргі уақытта 4 қызды тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя. Өнерге жақын, әлеуметтік желілер арқылы саламатты өмір салты мен отбасы құндылығын насихаттап жүрген белсенді отбасы.

«2013 жылы осы Мерейлі отбасы байқауына менің әкешешем қатысқан болатын. Ол кезде біз кішкентай жас балалар болатынбыз. Сол кісілердің ізін жалғап, міне бүгінгі байқауда бас жүлде жеңіп алдық. Алла Жазса СҚО атын Республикалық кезеңде жақсы жағынан шығарамыз деп сенеміз», -деді   «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Нұрқасым Хасенов.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Республикалық кезең бас қаламыз Астанада өтеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда биыл жаңа су бөгеті салынбайды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x