Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті бұрынғы Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев атқарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Рүстем Елубаев 55 жаста. 1991 жылы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын «ғылыми агроном» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2006 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің экономика бакалавры дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау ауданы «Жаңаауыл» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнында агроном болып бастаған.

1994 жылдың 25 маусымында осы серіктестіктің бас агрономы болып тағайындалды.

1999 жылдан — «Солтүстік Қазақстан облысы жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылау облыстық мемлекеттік инспекциясы» ҚМКК Көкшетау қаласы бойынша жер инспекциясының жетекші маманы.

2000 жылдан — «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ Ақмола облыстық өкілдігінің жетекші маманы, сапаны бақылау жөніндегі бас маманы, директорының орынбасары (Көкшетау қаласы).

2005 жылдың мамырынан — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры (Орал қаласы).

2005 жылдың желтоқсанынан — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.

2006 жылдан — СҚО Уәлиханов ауданының әкімі.

2007 жылдан — СҚО жер қатынастары басқармасының бастығы.

2009 жылы СҚО Аққайың ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды, ал қазан айында осы мемлекеттік органды басқарды.

2015 жылғы 22 шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығының СҚОФ директоры болып тағайындалды.

Ал 2019 жылдан бері осы тағайындауға дейін СҚО Аққайың ауданының әкімі болып еңбек етті.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы бидайдың 76,6 пайызы жақсы деңгейде

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x