Солтүстік Қазақстанда заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталды. Олардың кеңсесі мен көліктерінен ондаған ноутбук, ұялы телефондар, ақша, есірткі және оқ-дәрі табылды,

Солтүстік Қазақстанда заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталды. Олардың кеңсесі мен көліктерінен ондаған ноутбук, ұялы телефондар, ақша, есірткі және оқ-дәрі табылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырушылардың анықталғаны туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Олардың мәліметінше, 100 мың теңгеге дейінгі ставкалары бар покер ойындары Club GG жалпыға қолжетімді қосымшасында болған. Ол мыңдаған аудиторияны тарта отырып, 40-тан астам ойын үстелдерінде өткізіліпті.

Құмар ойындарға қатысу үшін сайтта баланс толтыру мүмкіндігі болған. Оған қоса, қатысушыларды тарту үшін 20 оператор жұмыс істейтін Call-орталығы бар телеграм-арнаға сілтеме жарияланған. Ұтыс ставкалары мен төлемдері қатысушылардың карт-шоттары арқылы жүзеге асырылды.

«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін құқық бұзушылар айналымның 10% алып отырған. Жыл басынан бері қылмыстық табыс сомасы 55 млн теңгеден, қатысушылардың саны 4 мың пайдаланушыдан асады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Жетісу облыстарындағы тұрғылықты жерлері бойынша, автомашиналарда, кеңселерде ондаған ноутбуктер мен компьютерлер, ұялы телефондар, ақша қаражаттары, мемлекеттік тіркеу нөмірлері табылды», — деп жазылған ҚР ҚМА хабарламасында.

Сонымен қатар есірткі заты, қаруға арналған оқ-дәрілер мен өзге де құжаттар табылды. Қазір телеграм-арна бұғатталды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Жалпы, жыл басынан бері Агенттік 19 заңсыз жасырын, онлайн казино, бір букмекерлік кеңсе, TikTok, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ойындардың 11 онлайн трансляциясын тоқтатты. 12 ойын автомат залы және ойын терминалдарының заңсыз қызметінің үш фактісінің жолын кесті.

1200-ге жуық ойын автоматы, терминалдар, покер үстелдері, рулеткалар, сондай-ақ 262,7 млн теңге сомасында ақшалай қаражат тәркіленді.  5,8 мың сайт пен сілтеме бұғатталды.

Тағы оқыңыз: Референдумның өту барысы туралы 37 елдің тілшілері хабарлайтын болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x