Ақордада ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың бірі — СҚО ПД полиция департаментінің   аға жедел уәкілі, полиция майоры Ольга Кангозина, деп жазады Qazaqstan Media.

Ольга Кангозинаға «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен табысталды. Ол Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінде аға жедел уәкіл қызметін атқарады. Бұл марапатқа полиция майоры 2021 жылы жасаған ерлік ісі үшін лайық деп танылған. Қызмет бабында жүрген ол Хлеборобное ауылындағы сайлау учаскесінде Рощино ауылы тұрғынына шұғыл көмекке келген. Толғағы қысқан келіншекті ауыл фельдшерімен бірге босандырған. 

Ақордада СҚО полиция майорына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды
Ақордада СҚО полиция майорына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды

Ольга Кангозина ішкі істер саласында 15 жылдан астам еңбек етіп келеді. Тергеушіден бастап аға жедел уәкілге дейінгі жолдан өткен. Әріптестері оны батыл, жауапкершілігі жоғары қызметкер ретінде сипаттайды. Мемлекеттік марапат – Ольга Кангозина сынды қызметкерлердің кәсібилігі мен ерлігін мойындаудың жарқын көрінісі. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да тыл ардагерлері марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *