Солтүстік- ауыл шаруашылығы бойынша еліміздегі шоқтығы биік аймақтардың бірі. Сүт өндіріс жөнінен елімізде екінші орында. Орташа есеппен сиырларымыз орташа есеппен 25 литр ақ береді. Бұл статистиканы екі есеге арттыруға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Qazaqstan media.

Сол мақсатта Аққайың ауданы Дайындық ауылында теріскейлік шаруаларға арналған «АгроФид-2025» атты семинар өтті. Жылда мол өнім алу үшін тегеурінді техника қажет. Зиянкестерден зардап шекпеу үшін дұрыс химиялық дәрілерді қолданған аса маңызды. Семинар барысында қатысушыларға арналған көрме ашылды. Аумаққа неше түрлі заманауи трактор-комбайндар мен ауыл шаруашылығы жабдықтары қойылған. Ақпарат ұсынушы мамандар әр дүниенің артықшылығына тоқталды.

Аққайың ауданында облыс диқандарына арналған семинар өтті
Аққайың ауданында облыс диқандарына арналған семинар өтті

«Мәселен, «Скарлет» препараты дақылға толықтай сіңіп, аурулардан, зиянкестерден қорғайды. Одан қалды, өсіміне мүлдем әсер етпейді. Диқандарға бұл дәрілер үшін субсидия төленеді«,-, деді «Щелково АгроХим Казахстан»серіктестігінің сату бойынша менеджері Уәлихан Ысқақов.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары келді. Білікті мамандардың сөзінше, солтүстіктің ауа райы бұршақ тұқымды шөптерді өсіру ыңғайлы. Аталған өсімдіктер малдың тез жетілуіне зор септігін тигізеді. Топырақтың құнарлылығын арттырады. Шара барысында жылына екі рет өнім беретін шөптерді де егу жайлы айтылды. Ол үшін өсімдікті бірінші рет шапқан кезде түбіне дейін жеткізбей, 10-15 см жоғары ору керек.

Семинардың Дайындық ауылында өтуі тегіннен тегін емес. Себебі, мұндағы «Дайындық-Агро« серіктестігі — облыстағы ең беделді шаруашылықтардың бірі. Бір сөзбен айтқанда, келген меймандарға көрсетері жетерлік.

Тағы оқыңыз: Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *