Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында үш медициналық пункт салынып жатыр. Жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Аққайың ауданының Власовка, Тюменка және Ивановка ауылдарында жаңа медициналық пункт салынып жатыр. Жыл соңына дейін аталмыш медициналық нысандарды ашу жоспарлануда. Облыс әкімінің айтуынша, олардың жұмысы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өңір басшысы Астраханка ауылындағы жаңартылған мәдениет үйіне барды. Ауыл тұрғындарының мәдени өмірінің орталығына айналған орын «Астраханское» ЖШС қолдауымен қайта жөнделді.

Ленинское елді мекенінде Ғауез Нұрмұхамбетов жөнделген ауыл ішіндегі жолдардың жай-күйін тексерді. Биыл бес көше асфальтталды. Сондай-ақ Тюменка, Көктерек, Токуши және Власовка ауылдарына кірме жолдар дұрысталды. Облыс әкімі жергілікті билікпен бірге оларды қысқы кезеңде ұстау мәселесін талқылады.

Ауданға сапары барысында облыс басшысы аграршылармен де кездесті. Олар егін жинау науқанын қорытындылады.

Аққайың ауданында үш медициналық пункт салынып жатыр

Сонымен қатар, Қиялы ауылында Ғауез Нұрмұхамбетов «Гагарино» ЖШС сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты.

Облыс басшысы Аққайың ауданындағы тағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, жұмыс істеу барысын бақылады.

Аққайың ауданында үш медициналық пункт салынып жатыр

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғыны көкшетаулық жігітті пышақтап өлтірген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x