Аға буын өкілдері солтүстікқазақстандықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырады

Президент өз жолдауында 6 қазан күні АЭС салу бойынша референдум өтетіндігін мәлімдеді. Солтүстікқазақстандық қоғам өкілдері бұл дер кезінде қабылданған шешім дейді. Және жерлестерін осынау маңызды науқанға белсенді түрде қатысуға шақырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандар электр энергиясын тұтынатын халықтың саны жыл сайын артып келе жатқандығын айтуда. Бұлай жалғаса беретін болса алдағы 10 жылда ел тұрғындарының 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін. Осыны ескергендіктен елімізде АЭС салу бастамасы көтерілді. Әрине, бұл бір күн ішінде қабылданған шешім емес. Сондықтан аталған мәселе қоғам арасында біраз талқыға түсті.

«Бүгінде қай салада болмасын электроэнергияға деген қажеттілік артып келеді. Сондықтан мен  атом электр станциясын салуды қолдаймын. Көптеген елдерде қазір АЭС жұмыс істеп тұр. Бізге де керек. Президент алдағы референдумда халыққа сенім білдірді. Сол себепті, барлығымыз осы референдумға белсенді түрде қатысып, таңдау жасауымыз қажет», — дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Аға буын өкілдері солтүстікқазақстандықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырады

«Мен АЭС салуды қолдаймын. Және бұл уақытылы қабылданған шешім деп есептеймін. Бірақ, бұл жерде оны кім салады деген сауал туындайды. Сол жағына аса қатты мән берген жөн. Яғни, оның құрылысын ерекше бақылауға алу керек», — деді «Ауыл» ХДПП облыстық филиалы жанындағы жастар қанатының төрағасы Әл – Фараби Мыңбай.

Аға буын өкілдері солтүстікқазақстандықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырады

Қазанның алтысы күні АЭС салу бойынша нақты шешім қабылданады. Бұл туралы кеше ел президенті өзінің жолдауында айтты. Яғни, нақ осы күні елімізде жалпыұлттық референдум өтеді деп белгіленді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеті млн теңгенің гербицидін ұрлаған жігіт ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x