Облыстық әдеп жөніндегі  кеңесте Ақжар ауданындағы мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекеттері мен жұмыстары талқыланды. Бұл ауданда қазір маман тапшы. Тіпті ауылдық округ әкімі сайлауына түскісі келетіндер аз. Бұл  туралы аудан әкімі Рүстем Елубаев айтты, деп жазады QM тілшісі.

Ақжар ауданы әкімдігі қазіргі кезде мемлекеттік қызметке маман іздеумен әлек. Олар жыл басынан жұмысқа қабылдау бойынша 24 конкурс ұйымдастырған.  11 мемлекеттік қызметкер жұмыс орындарын босатқан. Оның ішінде мекежайын ауыстыруға, зейнетке шығуға, басқа қызметке ауысуға байланысты жұмыстан кеткендер бар. Сонымен қатар, ротациялаудан бас тартқан аудан әкімінің орынбасары да орнын босатыпты.

«Жасыратыны жоқ, ауданда кадр тапшылығы бар. Мемлекеттік қызметке ешкім келгісі келмейді. Шынын айтқанда, ауылдық округі әкіміне сайлауға түскісі келетін адам жоқ. ТҮКШ, құрылыс бөлімдерінде маман жоқ»- деп ағынан жарылды әдеп жөніндегі кеңесте аудан әкімі Рүстем Елубаев.

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Карымсақов аудан әкімі Рүстем Елубаевқа бірнеше фактілерді келтіріп, сұрақтар қойды. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде Ақжар ауданы әкімдігі жоғары оқу орнын аяқтаған бірде бір түлекті жұмысқа алмаған.

Ақжар ауданы әкімі: мемлекеттік қызметке ешкім келгісі келмейді
Ақжар ауданы әкімі: мемлекеттік қызметке ешкім келгісі келмейді

Еңбек етіп жүрген мамандар мемлекеттік қызметкер туралы заңды сақтамайды екен. Екі маман құмар ойын ойнап, жұмыстан кеткен. Аудандық әкімдіктің аппарат басшысы да өз еркімен орнын босатқан.  Тексеріс кезінде прокурорлар оның орындалмаған жұмысты қабылдап алу туралы құжатқа қол қойғанын анықтапты. Әкімдікке тиесілі гараждың құрылысы аяқталмай жатып аппарат жетекшісі актіге қол қойған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 6,1 млрд теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *