Жабылуға шақ қалған ауылға екінші өмір сыйлады. Аққайың ауданында кәсіпкер туған ауылын көркейтуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Борки ауылының тарихы бір ғасырдан асады. Бұрын мұнда жүзден астам үй болған. Алайда, мектептің жыл бұрын жабылуы тұрғындардың жаппай көшуіне әкелген. Одан бөлек, жолдың нашарлығы тағы бар.

2010 жылы елді мекенде жергілікті кәсіпкердің әулеті мен тағы 1-2 үй ғана қалады. Содан бері ауылды жандандыру мақсатында біраз жұмыс атқарылған.

«100 бас қара малымыз бар. Қой және жылқы да бар. Жұмысшылар қыстыгүні жұмыс істесін деп машина-трактор шеберханасын істедік», — деді жеке кәсіпкер Алтынсары Исмағұлов.

Агроқұрылымның 6 мың гектар жері бар. Биыл мол өнім алған. Алтынсары Исмағұлов тек өзінің кәсібін ғана дамытпай, елді мекенді де көркейтіп жатыр. «Бір кездері тіршілігі қайнап тұрған ауылдың жабылуға шақ қалғаны жүрегіме батты», — дейді.

Исмағұловтар әулеті бірлесіп 2021 жылдан бері ауылға жеті үй салған. Оның төртеуі биыл бой көтерді. Ауылда 30 адам тұрса, соның барлығы кәсіпкердің қарамағында еңбек етеді. Кәсіпорындағы әр жұмысшы кемінде 300 мың теңге көлемінде айлық алады.

Тағы оқыңыз: Ел бойынша 406 заңсыз жұмыс істеген емшара кабинеті анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *