9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бері БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы шеңберінде аталып өтеді. Бес жыл бұрын еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Содан бері Президентке тікелей есеп беретін тәуелсіз құқық қорғау органына айналды, деп жазады Qazaqstan Media.

2003 жылғы 1 қарашада Мексикада жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.
Конвенцияның мақсаты — жемқорлықтың алдын алу және жою. Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады және соған сәйкес заңнамаларды жетілдіріп отырады. Конвенция ережелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық салдарынан келген ақшалар қай елден келсе, сол елге қайтарылып отырады.
Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.
БҰҰ мәліметі бойынша, жыл сайын параның көлемі 1 триллион долларға жетеді. Әлемдік экономика жемқорлықтың кесірінен 2,6 триллион доллардан айырылады.
Қазір елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрестен бұрын оның алдын алуға басымдық беріледі.

Тағы оқыңыз: Жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру қажет — Серік Жұманғарин

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *