«9-20-25» бағдарламасы келер жылдан бастап іске қосылады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде 2024 жылы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінде Үкімет аясында, сондай-ақ Отбасы банк және «Бәйтерек» холдингі бірлесіп қосымша бағдарлама әзірлеп жатыр. Жаңа бағдарлама бойынша 25 жылға 9 пайыздан ипотекалық несие беріледі.
Премьер-министрдің айтуынша, қазір есептеулер жүргізілуде.

“Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек және 8 мың отбасы немесе адамға осы ипотеканы алуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін 100 млрд теңгені нарықтан тартуымыз қажет, ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөлуі тиіс. Осы қаражатты қосып, 9 пайыздық ставкаға шығу керек. Келер жылы осы бағдарлама жүзеге асады», — деді Үкімет басшысы.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы ауруханалардың инфрақұрылымы 77,5% тозған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x