[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»13138,13139,13140″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні жақындағанда гүл саудасы қызады. Әсіресе, қызғалдақтар сұранысқа ие, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында 20 жылдық тәжірибесі бар флорист маманмен тілдесіп, бұл күні гүлдің қай түріне сұраныс артатынын білдік.  Ольга Александровнаның айтуына қарағанда, 8-наурызда дүкенге келушілердің қатары әдеттегіден әлдеқайда көп болады. Мерекеде тұрғындар гүлдің барлық түрін ала береді. Дегенмен, бәрінен де қызғалдаққа деген сұраныс жоғары.

«Өйткені, бұл маусымдық гүлге жатады. Раушан мен хризантеманы жылдың кез келген мезгілінде сыйлай беруге болады. Ал қызғалдақ маусым мен қыркүйек айларында сатылмайды. Сол үшін де нәзікжандыларға гүлдің осы түрін көп алып жатады», -дейді Ольга Александровна.

Қызғалдақтың 1 данасы 600 теңгеден саудаланады. Гүл шошақтары клиенттердің сұрауы бойынша жиналып, қапталады. Тіпті, буып-түюге арналған қағазды да келушілердің өздері таңдайды.

«Мен жұмыс істейтін дүкенде гүлдің сан түрі бар. Келушілерге кеңес беріп, таңдауға көмектеміз. Наурыздың 8-і күні азаматтар қызғалдақтан басқа, гортензияға да қызығушылық танытып жатады. Әрине, әркімнің таңдауы бөлек. Мерекеде бөлме гүлдерін сатып алатын жерлестеріміз де бар», — деді флорист.

Өсімдіктің түр-түрін алуға жастармен қатар, егде жастағы жандар да келеді екен. Нәзікжандылардың мейрамында жұмсақ ойыншықтар да назардан тыс қалмайды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x