7 аудандағы ескерткіштерге барлау жұмыстары жүргізіледі

Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 7 ауданның тарихи жерлеріне барлау жұмыстарын жүргізеді. Яғни, мекендердің жай-күйі тексеріліп, мүмкін болса жаңалары іздестіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы Qyzyljar арт-орталығында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Шарада облыстық археологиялық экспедицияның алға қойған жоспарлары айқындалды. Алматы қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Талғат Мамыровтың айтуынша, алдымен оңтүстік бетте тұрған 7 ауданда барлау жұмыстары жүргізіледі. Ол: Жамбыл, Шал ақын, Айыртау, Есіл, Тимирязев, Мамлют және Ғ. Мүсірепов аудандары. Экспедицияның екінші кезеңінде өңірдің шығыс жағында осы шаруа атқарылады.

«2022 жылы Солтүстік Қазақстан өңірінде Археология институтының филиалы ашылғанын білесіздер. Ғылым комитетінің қаржыландыруымен үлкен бағдарламалық жоспар құрылды. Соның аясында 2023-2024 жылдары ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Зерттеу Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіледі. 7 ауданнан кейін Петропавл қаласының жанындағы Березов обасында қазба жұмыстарын өткіземіз», — дейді Талғат Мамыров.

Алғашқы кезең 1 айға созылмақ. Одан соң тамыз айының басында облыстың басқа аудандарында да жалғасын табады. Зерттеу үшін Алматыдан 15 адамнан құрылған арнайы топ келіп отыр. Меймандар мен экспедицияға қатысушылардың әрқайсысы түрлі дәуір бойынша қазба жұмыстарын жүргізеді.

«Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан ескерткіштердің жаңа жинағын құрғымыз келеді. Тиісінше, басқа да беймәлім тарихи жерлерді іздейтін боламыз. Бұдан бөлек, ауыл әкімдіктерімен консультативтік жұмыс атқарылады», — деді Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Рақат Мамбеталинов.

Тағы оқыңыз: Қ.Тоқаев: «СҚО-да мал шаруашылығы өнімдерін шығаруға мол мүмкіндік бар»

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x