6 жерлесіміз «Уәлиханов ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды

Уәлиханов ауданының 95 жылдық мерейтойын тойлау барысында 6 жерлесімізге ауданның «Құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауданның мерейтойын тойлау барысында 6 жерлесімізге «Уәлиханов ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олар: Әубәкір Бектеміров, Ермек Махатов, Ғалия Нұрмағзанова және Бауыржан Тастыбаев, Виктор Харланов пен Орынбай Смайылов. 

Қазақы салттан жаңылмай, мерекелік шарада қарттарға да құрмет көрсетілді. Биыл 75 жасқа толып отырған құрметті ақсақалдар Серік Негимов пен Әнуарбек Сағитовтың иықтарына аудан әкімі шапан жауып, құттықтады.

Сонымен қатар мерейтойға орай аудан басшылығының сыйлығына ұйымдастырылған үздік мақала сайысының жеңімпаздары да марапатталды. Олар туған жер, аудан туралы ой толғап, қалам тербеген. Үздіктерге сыйлықты ҚР Құрметті журналисті Роза  Жүнісова табыстады.

Ал 8 аудан тұрғыны еліміздің рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары мен білім саласына қосқан үлесі үшін марапатталды. Сондай-ақ,  құрметті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевқа 100 жыл толуына орай өткізілген қазақ күресінен Әлем Кубогында еліміздің намысын абыроймен қорғаған жерлес палуан Алтынбек Аусағитовқа да құрмет көрсетілді. Спортшы аталмыш додада 100 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында өткен аламан бәйгеде бас жүлдені  Жанат Құсайынов алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x