интернат

Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылында орналасқан Асқар Игібаев атындағы орта мектептің интернатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарты ғасырдан астам уақыт мүлдем жөнделмеген ғимаратты қалыпқа келтіруге 120  млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Интернатта күрделі жөндеу жұмыстары наурыздың 31-і басталды. Бүгінде ғимараттың шатыры қалпына келтіріліп, қабырғалары тазартылған. Қазір нысанда 9 адам жұмыс істейді. Күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталмақ.

интернат

«Демонтаж жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Шатыр, еден мен қабырғаларды ретке келтіріп жатырмыз. Бұдан бөлек, жобаға сәйкес жылыту жүйесі де жаңартылады. Оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталғасын қосамыз», — дейді «Заңғар-LTD» ЖШС директорының орынбасары Қайсар Әмрин.

Жергілікті интернат 1970 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ескіріп, тоз-тозы шыққан ғимаратта бүгіндері 40 бала тұрады.

интернат

«Интернатта тұратындардың барлығы жақын маңдағы Қаратал, Бірлік, Өрнек, Жарғайың ауылдарының балалары. Әрине, ғимарат жөндеуді қажет ететін. Сондықтан биыл қаржы бөлініп, жұмыстардың басталғанына қуаныштымыз. Себебі, оқушыларға  қолайлы жағдай жасалуы керек. Ал, әзірше, балалар мектепте тұрып жатыр», — дейді А.Игібаев атындағы орта мектеп директоры Әмина Оспанова.  

Интернаттан бөлек, білім беру мекемесінің негізгі ғимараты да жөнделіп жатыр. Бүгіндері мектепте 282 бала білім алады.

Тағы оқыңыз: Кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желіге тіркеле алмайды

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x