Қазгидромет мамандары Солтүстік Қазақстан облысында күн жылынады деп болжап отыр. Алдағы күндері ауа температурасы + 5 градусты көрсетпек, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл СҚО-ға көктем ерте келді. Күн жылынып қар біртіндеп ери бастады. Қазгидромет мамандары алдағы күндері ауа температурасы + 5 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр.
«Наурыздың 13-і мен 18-і аралығында СҚО мен Петропавл аумағында оңтүстік-батыс циклоны жүріп өтеді. Қар аралас жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы 0-2, ал күндіз 2-5 градусқа дейін көтеріледі», — делінген Қазгидромет ұсынған ақпаратта.
Күннің жылынуы қардың тез еріп кетуіне септеседі. Сондықтан қазір өңірдегі өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда тағы су болмайды