Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон полициясы 27 адамды құжаттандырды. Оның ішінде 46 жастағы азамат та бар. Ол өзінің алғашқы жеке құжатын алды, деп жазады Qazaqstan Media.

 46 жастағы азамат бала кезінде ата-анасымен бірге Одесса қаласынан Петропавлға көшіп келген. Мектепті де осында оқыған.  Кейін әртүрлі жұмыс істеген. Алайда ешқашан жеке құжатын алмапты. Оның жеке басы мен шетелдік азаматтығының жоқтығы расталған соң, полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинады. Қазіргі таңда әлеуметтік бейімделу орталығында тұрып жатқан азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында көші-қон қызметкерлері құжатсыз жүрген азаматтарды анықтады. Олардың азаматтығын анықтап, жеке куәліктерін алуға көмектесті.

«Әрбір дерек бойынша мұқият тексеру жүргізіледі. Көші-қон полицейлері адамның өмірбаянын, қолда бар құжаттарын зерттеп, куәгерлерден жауап алады. Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттерге де сұрау жолданады»,- деп нақтылады СҚО ПД  баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері СҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі құжатсыз жүрген 27 азаматтың құқықтық мәртебесін анықтауға көмектесті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ер адам ара шаққаннан кейін жансақтау бөліміне түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *