Қазгидромет мамандары еліміз бойынша 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Бұл атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Сол себептен жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.
Ал Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Атап айтқанда, еліміздің батысында +30+39 °С-қа дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С-қа дейін, солтүстікте +23+30 °С-қа дейін, орталықта, шығыста +25+33 °С-қа дейін, оңтүстікте +35+40 ° С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 °С-қа дейін көтеріледі деп болжанған.
Тағы оқыңыз:17 маусым-Құрбан айт