400-ге жуық петропавлдық әлі күнге дейін уақытша орналастыру орындарын паналауда

Петропавлда тасқын кезінде су басқан 1650 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Бүгіндері тұрғындардың көбі жаңа баспанаға қоныстанды. Алайда  400-ге жуық петропавлдық отбасы әлі күнге дейін уақытша орналастыру орындарын паналауда. Бұл туралы бүгін Петропавл тұрғындары алдында есеп берген қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесті. Алдымен шаһар басшысы Петропавлдың әлеуметтік даму көрсеткіштеріне тоқталып, табиғи апаттың зардабын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.Су тасқынының салдарынан Петропавлда 2407 үй су астында қалды. Олардың 1650-і тұруға жарамсыз деп танылды. Ал 757 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандардан келген арнайы механикалық бригадалар қазіргі уақытта 88 үйде жөндеу жұмыстарын аяқтаған.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасына сай зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.  Қазіргі уақытта  пәтер сатып алу бойынша 1085 келісімшарт жасастық. 925 қала тұрғынына жаңа пәтер кілті табысталды. Бірлік шағын ауданында 289 тұрғын үй бой көтерді. Жаңа шағын ауданда биыл барлығы 700 үй салынады. Бұл баспаналардың барлығына 2 жыл кепілдік беріледі. Егер қандай да бір ақау табылса мердігер компания қайта қалпына келтіріп беретін болады», — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.  

Табиғи апаттан зардап шекен 7455 тұрғынға біржолғы әлеуметтік төлем берілген. Ал 150 АЕК-ке дейінгі қаражат 2038 азаматқа жалпы сомасы 989 710,5 теңге көлемінде түскен. Қазіргі уақытта облыс орталығында 1300-ден астам үй сүріліп, тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Ал саяжай учаскелерінде тұратын азаматтардан залалды өтеу бойынша жалпы  112 өтініш келіп түскен.  35 үй апатты деп танылса, 59-ы қайта қалпына келтіруге жарамды. Жалпы Петропавлда тасқын судың зардабын жою жұмыстарын 1-ші қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Бүгіндері  400-ге жуық қала тұрғыны әлі де уақытша орналастыру орындарында  тұрып жатыр.

Тағы оқыңыз:Петропавлда алдағы екі күн ашық болады

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x