Қыркүйектің 29-ы Петропавл теміржол вокзалының бірінші жолағына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тараған. Шұғыл түрде ғимараттан адамдар эвакуацияланып, пойыздар кешіктірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қыркүйектің 29-ы күні кешкі сағат тоғыздар шамасында белгісіз әйел адам Петропавлдағы теміржол вокзалының бірінші жолағына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған. Оқиға орнына арнайы қызметтер шұғыл түрде жетіп, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.
«Арнайы қызметтер барлық вокзал аумағын тексеріп, жарылғыш зат табылмады. Осының салдарынан Петропавлға келуі тиіс пойыз 40 минутқа кешіктірілді», — деді Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Евгений Усманов.
Қазір жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған әйел іздестіріліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда саяжай өртеніп, ер адам қаза тапты