38 жастағы қала тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды

Петропавлдық азамат синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды.   Полицейлердің айтуынша, күдікті үш ай бойы есірткі таратумен айналысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

38 жастағы қала тұрғынын тәтіп сақшылары сәуір айында ұстаған. Ол Интернационал көшесіндегі аулалардың бірінде есірткі жасырып жүрген сәтінде қолға түсті. Жеке тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізді зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат α-PvP және мефедрон синтетикалық психоактивті заттары екені белгілі болды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы – 20,89 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

«Бұның 100-ден астам адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұрын күдікті есірткіні сату мақсатынсыз заңсыз қолданғаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол күзетпен қамауда, іс материалдары сотқа жіберілді», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Тағы оқыңыз: Ұлттық ұлан әскери бөлімінің сарбаздары ата-аналарымен кездесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x