Қазақстан бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде Атлантикалық циклондар болады. Ол ауа райының тұрақсыздығына әкеледі. Солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында қар, бұрқасын болуы ықтимал, деп жазады Qazaqstan Media.
Синоптиктер 2025 жылдың алғашқы айына ауа райы болжамын жариялады. Қаңтардың алғашқы он күнінде Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді. Елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да үдей түсуі ықтимал.
Қаңтардың бірінші онкүндігінде температуралық фон мынандай болмақ:
«Қазақстанның батысында түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С болады. Республиканың солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы болжанып отыр. Ал , түнде термометр көрсеткіші -20°С-қа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендейді»,- деп хабарлайды мамандар.
Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр.
Солтүстіктің жартысында күндіз -5+2°С дейін,
елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін күн жылынуы мүмкін.
Сондай-ақ, солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты аязды күндер де болады. Бұл
солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін аяз болады.
Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік жасату қымбаттады