СҚО-да жаздың алғашқы айы ыстық болады деп күтілуде. Кей жерлерде ауа температурасы +34°С дейін көтеріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Синоптиктердің хабарлауынша, жаздың алғашқы айы ыстық болады. Әсіресе, бірінші және екінші онкүндікте ауа температурасы кейде 30 градустан да жоғары болады.
«Бірінші және екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +8+13°С-тан +15+20°С-қа дейін жетеді. Ал күндіз +18+23°С-тан +25+30°С-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде +34°С-ты көрсетуі мүмкін», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының мамандары.
Ал айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +8+13°С-қа дейін төмендейді. Ал күндіз +18+23°С, кей жерлерде +23+28°С-ты көрсетеді.
Жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады. Ал айдың екінші онкүндігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл шаруашылығы санағын 200-ден астам адам жүргізетін болады