2026 жылғы 31 қаңтардан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының артығын Отбасы банктегі ипотекалық қарызды өтеу үшін бұрынғыдай пайдалана алмайды. Енді біржолғы зейнетақы төлемі тек негізгі қарызды жабуға бағытталады, деп жазады Qazaqstan Media. 

Бұған дейін азаматтар зейнетақы қаражаты арқылы ипотека бойынша ай сайынғы төлемді толық немесе ішінара өтей алатын. Ал жаңа талаптарға сәйкес, бұл мүмкіндік алынып тасталады. Зейнетақы жинақтары есебінен банк сыйақысын, өсімпұлды және өзге де қосымша төлемдерді төлеуге болмайды. Бұл шығындарды қарыз алушы өз қаражаты есебінен өтеуі тиіс.

Сонымен қатар, ипотеканы ішінара немесе толық өтеу процесі екі кезеңнен тұратын болады. Алдымен қарыз алушы пайыздар мен ілеспе төлемдерді төлейді, содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинақтарының артығы есебінен азайтылады.

Жаңа жүйеге көшуге байланысты Отбасы банк өзінің мобильді қосымшасы мен сайтындағы сервистерді жаңартады. Осыған орай enpf-otbasy.kz платформасында ипотеканы өтеуге арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады. Өтінімдер 2026 жылғы 30 қаңтар түнінен бастап 2 наурызға дейін қабылданбайды.

Ал 2026 жылғы 30 қаңтарды қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы тәртіппен қаралады.

Айта кетейік, зейнетақы жинақтарының артығын сұрату процесі және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған басқа бағыттар өзгеріссіз қалады.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Тағы оқыңыз: Петропавлда жеңіл көлік өртенді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *