30-шы шілде күні Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт нашарлайды! Дауыл, жауын, бұршақ, найзағай. Мұндай ескертуді 112 нөмері telegram арнасында жолдап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Хабарландыруға сәйкес, 30-шы шілде күні өңірдің батысы мен солтүстік аймағында нөсер жауын болады. Найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады деп болжанып отыр.
«Оңтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Шығыста, солтүстік-шығыста және солтүстік пен батыс аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел тұрады»,-деп жазылған ескертуде.
Осыған дейін синоптиктер, шілде айы Солтүстік өңірде ыстық болады деп болжам жасаған болатын. Одан кейін 11-ші шілде күні дауылды ескерту жарияланды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 75 жаңа мамандық енгізілді