Енді 2GIS мемлекеттік тілде жұмыс істейтін болады. Бағдарламадағы карталардың және ұйымдар анықтамалығының деректері қазақшаға аударылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Нәтижесінде, жүйедегі дүкен, дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет мекемелерін мемлекеттік тілде де іздеп табуға болады. Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және т.б. сияқты Республиканың 41 қаласымен 1245 елді мекенінің анықтамалық деректері мен карталары аударылды.
“Жұмыс басында анықтамалық құрылымын аударуға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары көмектесті, кейін деректерді егжей-тегжейлі пысықтауға біз компаниядан тыс басқа кәсіби аудармашыларды қостық, — дейді 2GIS-тің Анықтамалық-картографиялық өндіріс жөніндегі директоры Елена Толкачева.
Тағы оқыңыз: Өңірде интернет-алаяқтық фактілері азайды