258 мың теңге: СҚО-да жемқорлық туралы хабарлаған тұрғын сыйақы алды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлап, сыйақы алды, деп жазады Qazaqstan Media.

Елімізде дендеп бара жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі арнайы колл-орталығын ұйымдастырды. 1424 телефон нөмеріне қоңырау шалып, жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болады. Егер факті расталса, онда хабарласқан адамға сыйақы беріледі. Солай істеген солтүстікқазақстандық 258 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

«Ал 2023 жылы СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне парақорлық жайында хабарлаған бес адамға 1 млн 106 мың 281 теңге төленген. Жемқорлық жайында хабарлаған адамға сыйақы республикалық бюджет есебінен беріледі», — деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Бірақ факті расталмаса, яғни жалған ақпарат берілсе, онда хабарласқан тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалады. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Петропавл әкімдігі 34 млн теңгеге дәрілік ұнтақ сатып алмақ болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x