23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп жазады Qazaqstan Media.
Өңір басшысы өз құттықтауында полицейлердің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет Басшысының бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының біріне айналды. Бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатқан солтүстікқазақстандық полицейлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы тиіс.
«Сіздердің батыл қызметтеріңізге, жеделдігіңізге, төзімділігіңізге және жоғары кәсібилігіңізге алғыс білдіремін. Қоғам тыныштығын күзету жолындағы еңбектеріңіз ел алғысына лайық», — деді облыс әкімі.
Әкім сондай-ақ полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте табыс пен марапат тіледі.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады