Қазақстанда жыл сайын 22 желтоқсанда Архившілер күні атап өтіледі. Айтулы мереке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 қаулысы негізінде «22 желтоқсан — Архившілер күні» болып бекітілді, деп жазады Qazaqstan Media.
Елімізде құжаттарды құнттайтын 200-ден аса архив бар, олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сай жұмыс істейді. Жалпы архивтік деректер адамзаттың саяси тарихы, экономикалық және әлеуметтік дамуының құжаттарын жинайтын негізгі мекеме саналады. Сондықтан бұл күні сала мамандарының кәсіби мерекесі ғана емес, жалпы халықтың назарын аудару үшін белгіленген атаулы дата.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі өтті