Петропавлда полицейлер Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткі заттарын сатты деген күдікке ілініп отыр.  Тергеу нұсқасына сәйкес, Солтүстік Қазақстанға күдікті психотроптық заттарды тарату мақсатында келген, деп жазады Qazaqstan Media.

Тексеру кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған 21 орама және ішінде осындай 30 орамасы бар пакет тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл мефедрон екені анықталды. Жалпы салмағы 76 грамнан асады.  Мефедрон – аса қауіпті психотроптық заттардың бірі. Оған адам тез тәуелді болады.

«Қарағанды облысының тумасын ұстау шарасы «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды»,-деп хабарлады СҚО ПД.

Биылғы 8 айдың ішінде облыста заңсыз айналымнан 475 келіден астам түрлі есірткі заты алынды. Оның ішінде төрт келіден астамы – аса қауіпті синтетикалық есірткілер. Жыл басынан бері полицейлер 196 есірткі қылмысын әшкерелеп, соның 94-і сату фактісі болды.

Тағы оқыңыз: Петропавл ЖЭО-2-де автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесі іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *