Дамудың даңғыл жолына түсу үшін цифрлық инфрақұрылымды, оның ішінде интернет желісіне қолжетімділікті дамыту қажет. Қазіргі таңда облыстағы ауылдардың 92,9 пайызы түрлі технологиялар арқылы интернетке қосылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, 2028 жылдың желтоқсанына дейін бұл көрсеткішті 98%-ға жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс желілері (ВОЛС) және спутниктік арналар (OneWeb, KazSat) арқылы қосу жұмыстары жалғасады. Петропавл қаласында жаңа буын 5G желісін енгізу жалғастырылады.

«Салаларды цифрландыру және IT-экожүйені дамыту экономиканың барлық салаларын қамтиды.
ТҮКШ-де зияткерлік көше жарығына көшу жалғасады, 2,5 мыңнан астам ақылды есептеу құрылғылары орнатылады. Петропавл қаласында сәтті іске асырылған «Sqoqyzmet» жобасы барлық аудандарда масштабталады», — деді СҚО Цифрлық технологиялар басқармасының баспасөз қызметі.

Экология саласында: жасанды интеллекті бар ҚТҚ мониторингі жүйесі енгізіліп, қоқыс шығару автоматты түрде бақыланады.

Көлік саласында: жолдардың сапасын ЖИ арқылы мониторингтеу енгізіледі. Бұл ақауларды автоматты түрде анықтап, жөндеу жұмыстарын жоспарлауға арналған аналитиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру саласында: барлық мектептер AI-құралдарымен қамтылады, педагогтердің жүктемесін азайтуға бағытталған цифрлық шешімдер енгізіледі.
Денсаулық сақтау саласында: ақпараттық-талдау орталығы құрылады, бірыңғай медициналық ақпараттық жүйеге көшу жүзеге асырылады. Шалғай елді мекендер үшін мобильді телемедицина кешендері іске қосылады.

Тағы оқыңыз: Биыл 600-ге жуық солтүстікқазақстандық интернет-алаяқтардың құрбаны болған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *