2027 жылға дейін елімізде 2 млрд көшет отырғызылуы керек

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов президенттің тапсырмаларын орындау үшін елімізде 2027 жылдың соңына дейін 2 млрд көшет отырғызып, өсіру қажет екенін атап өтті. 2021 жылдан бері елімізде 970 млн-ға жуық тал отырғызылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Елімізде ағаш отырғызу көрсеткіші жыл санап төмендеп барады. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы тиісті деңгейде орындалмай жатқанын көрсетеді, деп отыр Олжас Бектенов. Президент 2 млрд түп көшет отырғызуды тапсырған. Осылайша еліміздің орман алқаптары 14,5 млн гектарға ұлғаюы тиіс еді. Алайда, көп жағдайда әкімдіктер жалған ақпарат берумен айналысып келеді екен.

«2021 жылдан бері қарай елімізде шамамен 970 млн түп қана көшет отығызылған, мұның өзінде олардың жерсініп кетуі есептеліп жатқан жоқ. Жағдайды түзеу керек. Әкімдіктердің санда бар, санатта жоқ ағаштар туралы күмәнді ақпарат беру фактілері кездеседі. Мұндай көзбояушылықтардың жолын кесіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек. Орман алқаптары мен саябақтарды кеңейту, болашақ ұрпақ үшін биологиялық әркелкілікті сақтау – экологиялық ахуалды жақсартуда маңызды басымдықтардың бірі. Бұл – аса күрделі әрі ұзаққа созылатын жұмыс, оны ұдайы назарда ұстау қажет. Сондықтан барымызды сақтап, жерімізді жасыл желекке айналдыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экология министрлігіне әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін келесі жылдарға арналған көшет материалдарымен қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Былтыр бұл мақсатқа бюджеттен 16 млрд теңге бөлінген. Ал биыл қаржы көлемі 3 есе артып, 52 млрд теңге қарастырылып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылысы 3,5 жылға созылған хоккей корты пайдалануға берілді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x