2027 жылға дейін СҚО-да жаңа сегіз полигон салынады

СҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев келді. Ол өңір тұрғындары, коммерциялық емес және қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мансұр Ошурбаев алдымен өңір тұрғындарымен кездесті. Жиында вице-министр өңірде ғана емес бүкіл республикада проблемаға айналған қоқыс полигондары мәселесіне тоқталды. Себебі, қазір облыста 450 осындай орын бар болса, солардың тек 11-і ғана экологиялық талаптарға сай келеді екен.

2027 жылға дейін СҚО-да жаңа сегіз полигон салынады

 «Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында облыстың экологиялық мәселесін кешенді шешу бойынша жол картасы бекітіліп, әзірленді.  Онда 15 шара бар, қазір соның сегізі орындалды. Облыс бойынша рұқсат етілмеген полигондардың азаюының оң динамикасы байқалады. Мәселен, 2020 жылдарда 581 орын анықталса, 2023 жылы бұл көрсеткіш екі есе азайған», — деді ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев.

 Вице-министрдің сөзінше, СҚО-да қоқыс полигондарынан өрт жиі шығатын көрінеді. Сол себепті де, ТЖД мен әкімдік бұл мәселе бойынша бірлесе жұмыс істеуі керек екенін тілге тиек етті. Өзінің баяндамасынан соң Мансұр Ошурбаев тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Алдымен, Петропавлдағы ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов өз өтінішімен жүгінді. Өңір белсендісінің сөзінше, облыс орталығында жасыл желектер мен ормандар азайып барады. Олардың орнына көпқабатты үйлер салынып жатыр. Бұл экологияға кері әсерін тигізеді дейді ол.

2027 жылға дейін СҚО-да жаңа сегіз полигон салынады

 

«Қазір көптеген орман қорлары құрылысқа бөлініп кетті. 230 гектар орман қорына кіретін жерлерге көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Мәселен, Жеңіс саябағы маңындағы Набережная көшесіндегі  ағаштар кесіліп, орнына тұрғын үйлер тұрғызылуда. Қаламызда өнеркәсіп көп. Сол себепті, экология министрлігінен орман қорлары мен ағаштарды сақтап қалуға көмектесулеріңізді сұраймыз», — деді Артур Рязапов.

  Тұрғындармен кездесуден кейін вице-министр жеке қабылдау өткізді. Мансұр Ошурбаевтың қабылдауына Аққайың ауданы Смирново елді мекенінің тұрғындары келді. Олардың сөзінше, құжаттар бойынша елді мекенде өндірістік қоймалар орналасқан. Бірақ іс жүзінде ол жерде  астық элеваторы жұмыс істейді. Кәсіпорыннан шаң-тозаң көп шығып, тіпті кеміргіштер пайда бола бастаған.

2027 жылға дейін СҚО-да жаңа сегіз полигон салынады

 

«Олар қойма ретінде тіркелген. Ал 2019 жылы өз кәсіпорын арнайы кептіргіш алып, астық өндірумен айналысуды бастады. Бірақ олардың заңды түрде рұқсаты жоқ. Яғни, құжатта көрсетілгендей қойма емес, электаворлар жұмыс істеп жатыр. Біздің үйлерден 22, 42, 72 метр арақашықтықта орналасқан. Дыбыстар қатты естіледі. Шаң-тозаң бізге ұшады, ол аздай кеміргіштер көбейді», — дейді Аққайың ауданының тұрғындары.  

Вице-министр тұрғындардың бұл шағымы экология министрлігіне қатысты емес екенін айтты. Дегенмен, Мансұр Ошурбаев  облыстық экология департаменті мамандарына аталмыш кәсіпорыннан ауаға қанша шаң-тозаң бөлінетінін өлшеуді тапсырды. Жеке қабылдаудан соң вице-министр БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да жауап берді. Сұқбат барысында Мансұр Ошурбаев 2027 жылға дейін СҚО-да 8 қоқыс полигоны салынатынын айтты.

2027 жылға дейін СҚО-да жаңа сегіз полигон салынады

Тағы оқыңыз:Петропавлда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x