2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітілді. Ол 8 278 адам болып белгіленді, деп жазады Qazaqstan Media.
Құжаттың мақсаты – Үкімет айқындайтын өңірлерге еңбек ресурстарын тиімді орналастыру және халықтың қоныстануын оңтайландыру.
Өңірлер бойынша квота бөлінісі:
Қандастар үшін:
- Павлодар облысы – 977 адам
- Ақмола облысы – 285 адам
- Абай облысы – 264 адам
- Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам
- Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам
- Қостанай облысы – 200 адам
- Атырау облысы – 125 адам
- Батыс Қазақстан облысы – 30 адам
Қоныс аударушылар үшін:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам
- Павлодар облысы – 1 655 адам
- Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам
- Қостанай облысы – 485 адам
- Абай облысы – 275 адам
- Ұлытау облысы – 125 адам
- Қарағанды облысы – 37 адам
Өңірлік квотаға енген азаматтарға бірқатар қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда:
- көшуге арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК көлемінде біржолғы төлем;
- тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге 12 айға 15–30 АЕК мөлшерінде субсидия;
- қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге 400 АЕК көлемінде субсидия;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға қолдау;
- тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаттары.
Министрлік бұл шаралар еңбек күші тапшы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдап, қандастар мен қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жұмысшы мамандар құрметке бөленді

