2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы өседі. Бұл 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте қарастырылған, деп хабарлайды  Qazaqstan Media.

2026 жылы ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгеге дейін көтеріледі. Қазір оның мөлшері – 62 771 теңге. Базалық зейнетақы төлемі де өседі. 2025 жылы ол 32 360 теңге болса, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін жоғарылайды. Қазір Қазақстанда зейнет жасы: ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Зейнетақы үш бөліктен тұрады:

Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылға дейін жұмыс істеп, ескі жүйеге жарна төлегендерге мемлекеттен төленетін төлем.

Базалық зейнетақы – барлық зейнеткерлерге берілетін тұрақты мемлекеттік төлем. Оның мөлшері еңбек және сақтандыру өтіліне байланысты.

Жинақтаушы зейнетақы – азаматтың өзі БЖЗҚ-да жинайтын қаражат. Жалақының 10 пайызы ай сайын аударылып, жеке зейнетақы шотына түседі.

2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге, ал ең жоғарысы – 238 412 теңге болады. Бюджетте орташа көрсеткіштер де көрсетілген. Құжатқа сәйкес орташа зейнетақы 2026 жылы – 103 687 теңге болады.  Орташа базалық зейнетақы  2026 жылы – 54 082 теңгені құрамақ. Бұл сомалар жыл сайын біртіндеп өсіп отырады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастарға экологиялық мәселелер тереңінен қозғалған фильм көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *