Қазақстаннан Жапонияға тікелей рейстер 2026 жылы іске қосылуы мүмкін. Бүгінде Air Astana және Japan Airlines келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Orda.kz сілтеме жасап.
Көлік министрлігінің мәліметінше, авиакомпаниялар өздерінің кодтарын Алматыдан Токиоға жаңа рейсте орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасқан. Бірінші жолаушылар рейсі 2026 жылдың көктеміне жоспарланған.
«Құжат Қазақстан мен Жапония арасындағы іскерлік және туристік сапарлар үшін әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ екі ел арасындағы Жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді»,-деп хабарлады жауапты ведомства.
Air Astana және Japan Airlines авиакомпанияларына билеттерді жоспарлау және сату жүйелері интеграцияланғаннан кейін жаңа бағыт туралы толығырақ ақпарат беріледі.
Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының әкімі ашық есік күнінде тұрғындарды қабылдап жатыр